Жобалар

11. Сөйлеу тілі жалпы дамымауы кезіндегі түзеу технологиялары

Жалпы ережелер


1. «Сөйлеу тілі жалпы дамымауы кезіндегі түзеу технологиялары» педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) мектепке дейінгі арнайы және жалпы білім беретін мекемелер логопедтерінің біліктілікті арттыру курстарында оқуын реттейді. Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларға (бұдан әрі- СТЖД) түзеу-логопедиялық көмек көрсететін мұғалім логопедтің, логопедтің кәсіби қызметтері талап етілетін мектепке дейінгі арнайы және жалпы білім беру ұйымдары жағдайында өте маңызды.

Толығырақ....